jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерге қатысты маңызды шешім қабылдады

    "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары
    "Ақтөбе" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fcaktobe_official

    Украиналық маман Игорь Леонов 2025 жылдың соңына дейін "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері болып қала береді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ақтөбе" футбол клубының басшылығы мен бас бапкер Игорь Леонов 2025 жылдың аяғына дейін жаңа келісімшартқа қол қойды.

    Игорь Леонов команданы 2024 жылы қабылдап, командамен бірге Қазақстан кубогін жеңіп, ел біріншілігініің қола жүлдегері атанған еді. Леоновтың басшылығымен "Ақтөбе" футбол клубы 7 ойын өткізіп, 5 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңілді

    Сондай-ақ бүгін клуб құрамын Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Лев Скворцов толықтырды.

    Естеріңізге сала кетейік, "Ақтөбе" футбол клубынан ресми түрде қақпашы Игорь Шацкий, қорғаушы Дмитрий Бессмертный және жартылай қорғаушы Арман Кеңесов кеткен болатын.

    "Ақтөбе" футбол клубы бас бапкерге қатысты маңызды шешім қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.