Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Давид Лория Қазақстан футбол федерациясы президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығарылды

Жарияланған күні:

Давид Лория
Давид Лория. Фото: instagram.com/david_loriya

ҚФФ Сайлау комитеті "Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ өкілі Давид Лорияны федерация президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығарды. Президенттікке үміткерлердің түпкілікті тізімі жарияланды, деп хабарлайды федерацияға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"19 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне "Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ өкілі Давид Григорьевич Лориядан ҚФФ президенті лауазымына үміткерліктен қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш келіп түсті.

Осы өтініш негізінде ҚФФ Сайлау комитеті Давид Лорияны федерация президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығарды", - делінген Қазақстан футбол федерациясының Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Сонымен ҚФФ президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі мынадай:

  • Даумов Алтай Алмасұлы – "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
  • Қайыров Ербол Қыдырбекұлы – "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
  • Омаров Марат Талғатұлы – "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан.

Федерация өкілдерінің мәліметінше, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII Сайлау конференциясы 2024 жылғы 20 желтоқсанда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2202503-david-loriia-qazaqstan-futbol-federatsiiasy-prezidenti-sailauyna-qatysudan-bas-tartty/