jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

    "Астана" футбол клубының ойыншылары
    "Астана" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com / fca.astana

    УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында "Астана" футбол клубы сырт алаңда кипрлік "АПОЭЛ" командасына қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 20 желтоқсанда елордалық "Астана" футбол клубы Кипр астанасы Никосияда жергілікті "АПОЭЛ" командасына қарсы ойын өткізді. УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінің соңғы 6-туры аясында өткен бұл ойында "Астана" командасы қарсыласымен 1:1 есебімен тең түсті.

    Ойынның 57-минутында "АПОЭЛ футболшысы Анастасиос Донис есепті ашқан болатын. Ал матчтың 64-минутында "Астана" ойыншысы Кипрас Казуколовас есепті теңестірді.

    Осылайша "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде 5 ұпай жинақтап, турнир кестесінің 28-орнына жайғасты. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

    Ал "АПОЭЛ" 11 ұпай еншілеп, турнир кестесінің 11-сатысына табан тіреді.

    Айта кетейік, бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық "Виториямен" 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасынан 0:2 және кипрлік "Пафостан" 0:1, лондондық "Челсиден" 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

    "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.