jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Месси мен Роналду жоқ: әлемнің ең үздік 10 футболшысының есімі белгілі болды

    Родри
    Родри. Фото: Stephane Cardinale - Corbis/Corbis via Getty Images

    "Манчестер Сити" футбол клубының жартылай қорғаушысы Родри The Guardian нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік футболшысы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Дауыс беруге 197 сарапшы қатысты, олардың арасында бұрынғы ойыншылар, бапкерлер және журналистер бар. Нәтижесінде испаниялық футболшы Родри бұл сайыста үздік болып танылды.

    Родри – 2012 жылдан бастап берілген бұл марапатты иеленген алтыншы футболшы. Бұған дейін аталмыш жүлдені Лионель Месси, Криштиану Роналду, Лука Модрич, Роберт Левандовски және Эрлинг Холанд алған.

    Биыл Месси мен Роналду үздік 20 ойыншының қатарына кіре алмады. Аргентиналық футболшы 27-орыннан көрінсеғ, ал португалиялық 42-орын алды.

    Үздік 10 ойыншының тізімі:

    1. Родри ("Манчестер Сити");
    2. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид");
    3. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
    4. Ламин Ямаль ("Барселона");
    5. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
    6. Харри Кейн ("Бавария");
    7. Лаутаро Мартинес ("Интер");
    8. Флориан Вирц ("Байер");
    9. Даниэль Карвахаль ("Реал Мадрид");
    10. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид").

    Айта кетейік, Родри биыл қазан айында "Алтын доптың" иегері атанған болатын. Сонымен қатар, жазда Испания құрамасының сапында Еуропа чемпионатын жеңіп алды.

    Месси мен Роналду жоқ: әлемнің ең үздік 10 футболшысының есімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.