jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    14 жастағы қазақ баласы испаниялық клубтың академиясымен келісімшартқа отырды

    Сәлім Хасанов
    Сәлім Хасанов. Фото: instagram.com/salim_khassanov_19

    Қазақстандық жас ойыншы Сәлім Хасанов испаниялық "Леванте" клубының академиясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ футболшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстанның U-15 жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Сәлім Хасанов Испанияның "Леванте" футбол клубының академиясымен келісімшартқа отырды.

    14 жастағы Сәлім Хасанов бұған дейін "Қайрат" футбол клубының 2010 жылы туғандар арасындағы жасөспірімдер командасында ойнаған. Сәлім Хасанов өз жас санатында 20 гол соғып, жасөспірімдер лигасының үздік сұрмергені атанған.

    Айта кетейік, Сәлім Хасанов испаниялық "Леванте" клубының академиясымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақ емес. Бұған дейін 2022 жылдың жазында Назар Доля есімді жас қазақстандық футболшы "Леванте" академиясына қабылданған болатын. Ал биыл жазда Назар Доля тағы бір испаниялық "Валенсия" клубының академиясына ауысты.

    14 жастағы қазақ баласы испаниялық клубтың академиясымен келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.