"Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Vesti.kz сайтына берген сұқбатында ұлттық құраманың тізгінін ұстауға байланысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен бұл туралы оқыдым, көп сұрақ қойылып жатыр. Біріншіден, Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері – Станислав Черчесов, онымен жақсы қарым-қатынастамын. Сондықтан қазір бұл туралы пікір айту дұрыс болмас еді. Маған ешқандай ұсыныстар түскен жоқ. Адамдардың бізді байланыстыруы – бұл қалыпты жағдай, өйткені біз ұзақ уақыт бірге жұмыс істеп келеміз. Бірақ келіссөздер туралы әңгіме болған емес. Менің өз жұмысым бар.
Болашақта, қазақстандық ретінде, ұлттық құраманы басқару – мен үшін үлкен құрмет болар еді. Бұл – арман. Құраманы басқарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуді қалаймын", - деді Григорий Бабаян.
Жақында БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты ҚФФ бас бапкер Станислав Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл 3 маусымда ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2207348-bul-arman-grigorii-babaian-ulttyq-quramanyng-bapkeri-atanuga-qatysty-suraqqa-zhauap-berdi/