jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Лионель Месси АҚШ президентінің медалін алу үшін Ақ үйге барған жоқ: себебі белгілі болды

    Футболшы Месси
    Футболшы Месси. Фото: CHRIS ARJOON/AFP via Getty Images

    АҚШ президенті Джо Байден аргентиналық футболшы Лионель Мессиге еркіндік медалін тағайындаған еді. Бірақ Месси Ақ үйдегі марапаттау рәсіміне барған жоқ, деп хабарлайды Goal басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің еркіндік медалінің иегері ретінде 19 адам таңдалған. Оның ішінде Аргентина құрамасының және америкалық "Интер Майами" футбол клубының ойыншысы Лионель Месси де бар. Бірақ ол марапаттау рәсіміне барған жоқ.

    Goal басылымының жазуынша, Мессидің Ақ үйге бара алмауына жұмыс кестесінің тығыздығы себеп болған. Аргентиналық футболшының атынан жарияланған мәлімдемеде былай делінген:

    "Лео клуб арқылы Ақ үйге хат жіберіп, бұл құрметке ие болу үлкен мәртебе екенін айтты, бірақ жұмыс кестесінің тығыздығы мен алдын ала жоспарланған міндеттемелерге байланысты ол қатыса алмайтынын жеткізді. Ол алғыс білдіріп, Байденмен болашақта кездесуге мүмкіндік туатынына үміттенетінін атап өтті".

    Айта кетейік, еркіндік медалі президенттің таңдауы бойынша АҚШ-тың өркендеуіне, әлемдегі бейбітшілікке немесе басқа да маңызды қоғамдық, мемлекеттік немесе жеке бастамаларға айрықша үлес қосқан адамдарға табысталады.

    Лионель Месси АҚШ президентінің медалін алу үшін Ақ үйге барған жоқ: себебі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.