jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "ПСЖ" футбол клубы Франция Суперкубогын жеңіп алып, өз рекордын жаңартты

    "ПСЖ" футбол клубы
    "ПСЖ" футбол клубы. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

    "Пари Сен-Жермен" клубы "Монаконы" жеңіп, қатарынан үшінші рет Франция Суперкубогын иеленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Титулдық матч Катар астанасы Дохада өтті. "ПСЖ" бұл ойынға Лига 1 және Франция кубогының қазіргі чемпионы ретінде қатысты. Ал "Монако" өткен ел біріншілігінің күміс жүлдегері ретінде сынға түсті.

    Суперкубок матчында 1:0 есебімен "ПСЖ" жеңіске жетті. Жалғыз голды екінші таймның қосымша уақытында француз шабуылшысы Усман Дембеле соқты. Ол испаниялық жартылай қорғаушы Фабиан Руистің пасын голға айналдырды.

    Осылайша "ПСЖ" қатарынан үшінші рет және тарихта 13-рет Франция Суперкубогын жеңіп алды. Сондай-ақ париждік клуб осы турнирдегі жеңістер саны бойынша өз рекордын жаңартты. Ал "Монако" Франция Суперкубогы матчында төртінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл клуб аталған трофейді төрт рет еншілеген.

    "ПСЖ" футбол клубы Франция Суперкубогын жеңіп алып, өз рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.