jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    20 жастағы өзбек футболшысына тағы бір англиялық клуб қызығушылық танытты

    Абдукодир Хусанов
    Абдукодир Хусанов. Фото: ANP via Getty Images

    "Ньюкасл Юнайтед" футбол клубы Өзбекстан құрамасының және франциялық "Ланс" командасының ойыншысы Абдукодир Хусановқа қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kun.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ньюкасл Юнайтед" басқа бәсекелестерден басып озу үшін 20 жастағы Абдукодир Хусанов үшін 20 млн еуро ұсынуға дайын. Ал "Ланс" клубы футболшысын сатудан кемінде 40 млн еуро пайда тапқысы келетін көрінеді.

    Хусановқа "Ньюкаслдан" бөлек, "Манчестер Сити", "Челси", "Лестер", франциялық "ПСЖ" клубы, тіпті бұған дейін "Реал Мадрид" те қызығушылық танытқан. Қазіргі таңда өзбек футболшысы үшін таласта "Манчестер Сити" фаворит болып отыр. Хусановтың әкесі Хикматжон Хошимов, оның агенті Ғайрат Хасбиуллин және "Манчестер Сити" өкілдері кездесу өткізіп үлгерді.

    Әлемдік футболдағы ең ықпалды тұлғалардың бірі, атақты агент Жорже Мендеш қазір Хусановқа жаңа клуб іздеуге қосылған. Мендештің бұл іске араласуы ойыншының нарықтағы құны өсіп жатқанын білдіреді. Қазіргі уақытта оның трансферлік нарықтағы құны 25-30 миллион еуро деп бағаланып отыр.

    Еске салайық, танымал инсайдер Фабрицио Романо Абдукодир Хусанов осы қыста "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін екенін жазған еді.

    20 жастағы өзбек футболшысына тағы бір англиялық клуб қызығушылық танытты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.