Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Қазақстан футбол лигасының жаңа президенті туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ерлан Жамантаев
Ерлан Жамантаев. Фото: KazFootball.kz

Бүгін, 8 қаңтарда Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол лигасының (QFL) президенті болып сайланды. QFL-дің 50 жастағы жаңа президенті осы уақытқа дейін футбол саласына қатысты бірқатар қызметті атқарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Айтпайұлы Жамантаев 1974 жылы 4 қазанда дүниеге келген.

Ерлан Жамантаевтың мансабы "Ұшқын-Искра" жекеменшік футбол клубының жетекшісі және бас бапкері ретіндегі қызметтен басталды. Сонымен қатар ол жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде де танылды.

Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол федерациясында да маңызды рөл атқарды. Ол бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаменттерін басқарып, бұл бағыттарда бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

2021-2023 жылдары Ерлан Жамантаев "Ақтөбе" футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Оның басшылығымен клуб Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

2024 жылы ол Бірінші лиганы бес мәрте жеңіп алған "Оқжетпес" футбол клубының директоры қызметін атқарды.

Ол "Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы" қауымдастығының бас хатшысы міндетін атқарады.

Сондай-ақ Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткер болып тіркелген. Бірақ 2024 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне Ерлан Жамантаев ("Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы қауымдастығы" ЗТБ өкілі) сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2209425-qazaqstan-futbol-ligasynyng-zhanga-prezidenti-turaly-ne-bilemiz/