"Барселонаның" негізгі қақпашысы Иньяки Пенья ұйықтап қалғаны үшін Испания Суперкубогының жартылай финалдық матчына қатыса алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Барселонаның" қосалқы қақпашысы Войцех Щенсны Испания Суперкубогының жартылай финалындағы "Атлетикке" қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықты. Ол команданың негізгі қақпашысы Иньяки Пеньяның орнына ойнады. "Барселонаның" бірінші нөмерлі қақпашысы таңертеңгі жаттығуға кешігіп келгені үшін матчқа қатыса алмады.
Дереккөздің мәліметінше, бұл шешімді каталониялық команданың бас бапкері Ханси-Дитер Флик қабылдаған.
Бас бапкер 25 жастағы қақпашымен жеке сөйлесіп, оның таңғы жаттығуға кешігіп қалуының себебін сұраған. Иньяки Пенья уақыт кестесін шатастырып алып, ұйықтап қалғанын айтқан. Алайда бұл түсініктемелер бапкердің шешімін өзгертпеді. Қатаң тәртіпті ұстанатын Флик қақпашыны "Атлетикке" қарсы ойынның бастапқы құрамына қоспауды ұйғарды.
Пеньяны алмастырған Войцех Щенсны өзінің шеберлігін көрсетіп, қақпасына бірде-бір доп жібермеді.
Еске салайық, бұған дейін Войцех Щенсны Испания Кубогының "Барбастроға" қарсы матчында (4:0) да қақпасына гол жібермеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2209884-zhattyguga-uiyqtap-qalgan-barselonanyng-qaqpashysy-tartipti-buzgany-ushin-matchqa-qatysa-almady/