jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Мейвезерді еске түсіреді": бас бапкер Төрехан Сабырханды америкалық боксшыға ұқсататынын айтты

    Боксшы Төрехан Сабырхан
    Боксшы Төрехан Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жас боксшы Төрехан Сабырханның жұдырықтасу стилі америкалық Флойд Мейвезерді еске түсіретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Төрехан Флойд Мейвезердің жекпе-жектерін көреді. Ол америкалық боксшының көптеген техникалық элементін қайталайды. Төреханның жұдырықтасу стилі маған шынымен де Флойд Мейвезерді еске салады", - деді Сәтжанов.

    Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы. Ол 2024 жылы қарашада Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді.

    Өткен айда Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты. Ол финалға дейін жетіп, маңғыстаулық қарсыласы Санатәлі Төлтаев жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмаған соң, жекпе-жексіз жеңімпаз атанды.

    Еске салайық, Қайрат Сәтжанов бокстан Өзбекстан ұлттық командасымен бәсекелестік туралы пікір білдірген еді.

    "Мейвезерді еске түсіреді": бас бапкер Төрехан Сабырханды америкалық боксшыға ұқсататынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.