Спорт

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны жаңа қызметке кірісті

Жарияланған күні:

Азат Нұрғалиев
Азат Нұрғалиев. Фото: kff.kz

Азат Нұрғалиев петропавлдық "Қызылжар" футбол клубының бапкерлік штабына қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азат Нұрғалиев футболдағы мансабында "Ордабасы", "Тобыл", "Астана", "Жетісу", "Сұңқар" командаларында ойнаған. Ол үш мәрте ел чемпионы және Қазақстан кубогі мен Суперкубогінің иегері атанды. Нұрғалиев бұрын ұлттық құрама капитаны болды және команда сапында 44 матч өткізіп, 3 гол соққан.

"Қызылжар" футбол клубы 2024 жылғы Қазақстан Премьер лигасын 9-орынмен аяқтаған еді. Петропавлдықтар 24 ойын өткізіп, 8 рет жеңіске жетсе, 11 матчта жеңіліп қалды. Ал 5 матчта қарсыласпен тең түсті.

Еске салайық, "Қызылжар" футбол клубы бірден сегіз бірдей ойыншысымен қош айтысқанын жазғанбыз. Атап айтқанда, команда сапынан Владислав Сорокинс, Ұлар Жақсыбаев, Зоран Нижич, Лука Имнадзе, Рафаил Оспанов, Рубен Бригидо, Алексей Щебетун және Шохан Абзал кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2211092-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-buryngy-kapitany-zhanga-qyzmetke-kiristi/