jitsu gif
Спорт

    16 жастағы қазақ футболшысы "Челсиге" қашан ауысатыны белгілі болды

    Дастан Сәтпаев
    Дастан Сәтпаев. Фото: instagram.com/d.satpayev

    Алматылық "Қайрат" командасының және Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев мансабын "Челси" клубында жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Лондондық "Челси" Дастан Сәтпаевқа қатысты нақты шешім қабылдағаны туралы ақпарат пайда болды. Жақын арада Алматы және Лондон клубтары арасында трансфер рәсімделеді.

    Футболшы келесі аптада ауысады деп күтіліп отыр. Трансфердің мән-жайы әлі белгісіз, өйткені Сәтпаев әлі 18-ге толмаған.

    Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының шабуылшысы U-19 Дастан Сәтпаев былтыр желтоқсанда лондондық "Челсиге" қаралымға барған.

    16 жастағы Дастан Сәтпаев өткен маусымда QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, кәсіби деңгейде "Қайрат" негізгі құрамында дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында "Ақжайық" командасына қарсы ойында (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол "Қайрат-Жастар" командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.