jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық құраманың қақпашысы Әзербайжан командасының ойыншысы атанды

    Стас Покатилов
    Стас Покатилов. Фото: instagram.com/staspokatilov

    Қазақстандық футболшы Стас Покатилов мансабын Әзербайжанда жалғастырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    ҚФФ-ның мәліметінше, ұлттық құраманың қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" командасының ойыншысы атанған.

    Айта кетейік, Стас Покатилов 1992 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Оралдық "Ақжайықтың" түлегі. Ол "Шахтер", "Ақтөбе", "Қайрат", "Тобыл" клубтарында, сондай-ақ ресейлік "Ростовта" ойнаған.

    Стас Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетеді (28 ойынға қатысқан).

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін алматылық "Қайраттың" және Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев мансабын "Челси" клубында жалғастыруы мүмкін екенін жазған едік.

    Ұлттық құраманың қақпашысы Әзербайжан командасының ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.