jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бүгін Чемпиондар лигасы 1/16 финалының жеребесі тартылды

    Футбол
    Футбол. Көрнекі фото: pixabay.com

    2024/2025 маусымда Чемпиондар Лигасы жаңа форматта өтіп жатыр. Жарыстың аталған сатысында 36 команда сынға түсті. Олардың арасынан алғашқы сегіз орын алған клубтар тікелей 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

    Олардың қатарында, "Ливерпуль" (Англия), "Барселона" (Испания), "Арсенал" (Англия), "Интер" (Италия), "Атлетико Мадрид" (Испания), "Байер" (Германия), "Лилль" (Франция), "Астон Вилла" (Англия) клубтары бар.

    Негізгі кезеңде 9-24-орын алған командалар 1/16 финалда кездеседі. Жарыстың аталған сатысына шыққан командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтті.

    Жеребе нәтижесі мынадай:

    • "Брест" (Франция) - "Пари Сен-Жермен" (Франция)
    • "Монако" (Франция) - "Бенфика" (Португалия)
    • "Брюгге" (Бельгия) - "Аталанта" (Италия)
    • "Спортинг" (Португалия) - "Боруссия Дортмунд" (Германия)
    • "Манчестер Сити" (Англия) - "Реал Мадрид" (Испания)
    • "Селтик" (Шотландия) - "Бавария" (Германия)
    • "Ювентус" (Италия) - ПСВ (Нидерланд)
    • "Милан" (Италия) - "Фейеноорд" (Нидерланд)

    Алғашқы ойын 11-12 ақпан күндері болса, қарымта матчтар 18-19 ақпанға белгінген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.