Спорт

Зектілері

"Ордабасының" құны 120 млн теңге тұратын шабуылшысы Еуропаға кетті

Жарияланған күні:

Всеволод Садовский
Всеволод Садовский. Фото: instagram.com/usevaladsadovski

Соңғы үш маусым Шымкенттің "Ордабасы" клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады, деп хабарлайды 1bol.kz.

Ол Польшаның "Котвица" клубымен келісімшартқа отырған. "Ухо" телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген.

Садовский "Ордабасы" сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы – Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.

Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2217300-ordabasynyng-quny-120-mln-tengge-turatyn-shabuylshysy-europaga-ketti/