jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Шахтер" футбол клубы логотипін өзгертті

    Логотип
    Логотип. Фото: instagram.com/shakhterfc/

    Қарағандылық "Шахтер" футбол клубы жанкүйерлеріне жаңа логотипін таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Клуб өкілдерінің хабарлауынша, логотипті жасау кезінде Қарағанды өңірінің барлық ерекшелігі мен дәстүрі ескерілді.

    Негізгі эмблема Қарағандының символы саналатын террикондарды бейнелейтін геральдикалық қалқан түрінде жасалған. Қалқанның ортасында Football Club және Qaragandy мәтінімен қоршалған 1958 жылғы тарихи доп орналасқан. Олардың артында тау-кен ісінің негізі және кеншілердің тарихи құралы – екі қиылысқан қайла бар. Орталық композицияның артында клуб түсіндегідей классикалық тік жолақтар орналасқан. Логотиптің ең жоғарғы бөлігінде клубтың атауы жазылған.

    "Шахтер" футбол клубы логотипін өзгертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.