jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы екі ойынына қатыспайды

    Бақтиер Зайнутдинов
    Бақтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

    Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде наурыз айында сырт алаңда екі маңызды матч өткізеді. Бұл ойындарға жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов қатыспайды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Өкінішке қарай, Бақтиер Зайнутдинов медициналық қаралымның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатыса алмайды. Ойыншымызға тезірек сауығып кеткенін тілейміз!" - делінген ҚФФ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Бұдан бөлек, Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына Максим Самородов, Стас Покатилов, Нұралы Әліп пен Георгий Жуков, Рамазан Оразов пен Ғалымжан Кенжебек қосылған.

    Абат Айымбетов жақын арада келеді деп күтілуде.

    "Сондай-ақ Дінмұхамед Қараман өз клубына оралды. Ал Дулат Талыспаев пен Давид Есімбеков Алматыда жиын өткізіп жатқан Қазақстан U-21 құрамасына қосылды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы екі маңызды матчтың бірі 22 наурызда Кардифф қаласындағы Cardiff City стадионында өтеді. Қазақстан құрамасы Уэльспен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 23 наурызда сағат 00:45-те басталады.

    25 наурызда Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойнайды. Матч Вадуц қаласындағы Rheinpark стадионында өтеді. Бұл ойын да Астана уақытымен 00:45-те басталады.

    Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы екі ойынына қатыспайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.