jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кетіп, ресми түрде басқа командаға ауысты

    Футболшы Асхат Тағыберген
    Футболшы Асхат Тағыберген. Фото : kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ресми түрде қостанайлық "Тобыл" командасына ауысты, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Бұл жөнінде қостанайлық клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев өз пікірін білдірді.

    "Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол — Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби тұлға. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізеріне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат бұған дейін де "Тобылда" ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі", — деді ол.

    Айта кетсек, Асхат Тағыберген "Тобыл" командасына үшінші рет келіп отыр. Ол бұған дейін 2017, 2021-2022 жылдарда ойын көрсетті. Қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионатын жеңіп, Суперкубоктың екі дүркін иегері атанды.

    Қызылорда футболының түлегі "Қайсар", "Ақтөбе", "Астана", "Ордабасы" клубтарында ойнады.

    Асхат Тағыберген "Ордабасыдан" кетіп, ресми түрде басқа командаға ауысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.