jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандық экс-футболшы жол апатынан қайтыс болды

    Никола Покривач. Фото
    Никола Покривач. Фото: ФК "Шахтер"

    Қарағандылық "Шахтер" командасы мен Хорватия құрамасының бұрынғы жартылай шабуылшысы Никола Покривач жол апатынан көз жұмды. Ол небәрі 39 жаста болған, деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Төрт көлік бірден соқтығысқан жол апаты Карловацта 18 сәуірде болған. Екі адам көз жұмып, үш адам ауруханаға жеткізілген. Көз жұмғандардың ішінде Покривач болған. Футболшы "Войнич" клубының жаттығуынан келе жатқан.

    Покривач өз мансабында Хорватия құрамасында 15 матч ойнады. Футболшы "Вартекс", "Динамо", "Монако", "Ред Булл" (Зальцбург), "Интер" (Запрешич), "Риеку", "Шахтер" (Қарағанды), "Маккаби" (Петах-Тиква) және "Славен Белупо". Хорватияның екі дүркін чемпионы, Австрия чемпионы.

    "2015 жылдан бастап Покривач ауыр дертпен күресіп, салдарынан кәсіби футболдан кетуге мәжбүр болған. Алайда ол соған қарамастан футболқа қайта оралып, бұл споорт түріне деген шексіз махаббатын дәлелдей білген", - делінген Хорватия футбол одағының мәлімдемесінде.

    Ол қарағандылық "Шахтер" сапында 2014-2015 жылдары өнер көрсеткен.

    Қазақстандық экс-футболшы жол апатынан қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.