jitsu gif
Спорт

    Ұлттар лигасы матчында Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңді

    "Қазақстан" - "Лихтенштейн"
    "Қазақстан" - "Лихтенштейн". Фото : ҚФФ баспасөз қызметі

    Кездесу барысында Карина Берікова дубль авторы атанса, Әселхан Тұрлыбекова мен Мадина Жаңатаева бір голдан соқты, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Ел құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Армения, Люксембург және Лихтенштейн.

    Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірсе, төртінші турда 3:2 есебімен басым түсті.

    Енді қазақстандық футболшылар 3 маусымда Люксембургпен кездеседі. Бұл ойында аталған топта қай құраманың бірінші орын алатыны шешіледі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.