jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Тарихи жетістік": футболдан Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Өзбекстан құрамасы
    Өзбекстан құрамасы. Фото: Fatemeh Bahrami/Anadolu via Getty Images

    Футболдан Өзбекстанның ерлер командасы 2026 жылы болатын әлем чемпионатына іріктеу матчын сәтті аяқтады. Осылайша тарихта алғаш рет Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бейсенбі күні команда Азия аймағындағы іріктеудің үшінші кезеңі аясында "А" тобының тоғызыншы турында матч өткізді. БАӘ және Өзбекстан матчы 0:0 есебімен аяқталды.

    Бұл нәтиже Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатына тікелей жолдама алуға мүмкіндік берді. Қоржынында 18 ұпайы бар команда бүгінгі күні екінші орында келеді. Үшінші орында тұрған БАӘ өкілдерінің еншісінде 14 ұпай бар.

    "Тарихи жетістік": футболдан Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.