jitsu gif
Спорт

    Өзбекстан құрамасының футболшылары мен бапкерлеріне тарихи жетістігі үшін автокөлік сыйға тартылды (видео)

    автокөліктер
    Автокөліктер. Видеодан кадр: t.me/championat

    2026 жылғы әлем чемпионатына тарихи жолдама алғаны үшін футболдан Өзбекстан ұлттық құрамасының барлық ойыншысы мен жаттықтырушылар штабының мүшелеріне автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды "Чемпионат".

    Өткен бейсенбіде команда Біріккен Араб Әмірліктерімен сырт алаңдағы матчты 0:0 есебімен аяқтады. Бұл нәтиже Өзбекстан құрамасына әлем чемпионатына тікелей жолдама алуға мүмкіндік берді. Соңғы іріктеу матчында Өзбекстан Қатар құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

    Осы тарихи жетістігі үшін футболшылар мен жаттықтырушылар сыйлықпен марапатталды - олардың әрқайсысына автокөлік берілді.

    Өзбекстан құрамасының әрбір мүшесіне арналған көліктер футбол алаңына шығарылды.

    Видеодан алаңға қарай келе жатқан сәнді қара жол талғамайтын автокөліктерді байқауға болады.

    Сондай-ақ ел президенті бір топ футболшы мен жаттықтырушыға құрметті атақтар беру және оларды орден және медальдармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.