Бақтиер Зайнутдинов Уэльс және Бельгияға қарсы өтетін матчтарға қатыспайтын болды
Опубликовано:
Футболдан Қазақстан ұлттық құрмасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Уэльс және Бельгияға қарсы өтетін матчтарға қатыспайды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ҚФФ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша Бақтиер ЦСКА – "Динамо" ойыны кезінде жарақат алған.
"Медициналық тексерістің қорытындысына сәйкес, бапкерлік штаб алдағы кездесулерге шақырмау туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында 4 қыркүйекте "Астана Аренада" Уэльсті қабылдап, 9 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі.
Алғашқы ойында Қазақстан Уэльс құрамасынан 1:3 есебімен жеңілген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2281227-baqtier-zainutdinov-uels-zhane-belgiiaga-qarsy-otetin-matchtarga-qatyspaityn-boldy/