"Сынған орындықтар ауыстырылды": орталық стадион "Қайрат" – "Реал" матчына қаншалықты дайын
Жарияланған күні:
Қазақстан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматының орталық стадионы УЕФА талаптарына сәйкес келеді деп дәл атап өтті: футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыру бөлмелері, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар толық аттестаттаудан өтті және халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Осыған дейін кездескен сынған орындықтар немесе әжетханалардың ескіруі секілді кемшіліктер спорт нысанының жаңа емес екеніне ғана емес, кейбір көрермендердің стадион мүлкіне деген ұқыпсыз қарым-қатынасына да байланысты.
Матчтардан кейін әдетте орындықтардың айтарлық бөлігі жарамсыз күйге түсетіндіктен, орындықтар үнемі тексеріліп, бүлінгені ауыстырылып жатады.
Қазіргі таңда бұл мәселелер қатаң бақылауда – орындықтарды ауыстыру мен қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық-гигиеналық тораптарда жеңіл-желпі жөндеу жүргізілсе, қазір оларды күрделі жөндеу жұмыстары басталды", - делінген Алматы қаласы спорт құрылыстары дирекциясының хабарламасында.
Дирекция алдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчына орталық стадион толық дайын екенін мәлімдеді.
"Абаттандыру бойынша қажетті шаралар аяқталып, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, ең жоғарғы деңгейдегі матчтарды өткізу үшін барлық халықаралық нормаға сәйкестік қамтамасыз етілді", - дейді дирекция өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2282676-syngan-oryndyqtar-auystyryldy-ortalyq-stadion-qairat-real-matchyna-qanshalyqty-daiyn/