jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасынан алдағы ойындарға кімдер шақырту алды

    Футболдан Қазақстан құрамасы
    Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Алексей Сисенбин / Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы екі кездесуіне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстандық футболшылар қазан айында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдап, сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойын өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енгізілген.

    Қазақстан құрамасы:

    Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Стас Покатилов ("Сабах", Әзербайжан), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес");

    Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі – "Ордабасы"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де – "Тобыл"), Бағдат Қайыров ("Ақтөбе"), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де – "Қайрат").

    Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – "Елімай"), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – "Ордабасы"), Дамир Қасабулат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе"), Бактиер Зайнутдинов ("Динамо Мәскеу", Ресей), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – "Жеңіс"), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де – "Оқжетпес"), Айбол Әбікен ("Қайсар"), Ислам Чесноков ("Тобыл").

    Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Алияр Мұхаммед ("Оқжетпес"), Иван Свиридов ("Елімай"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе").

    Футболдан Қазақстан құрамасынан алдағы ойындарға кімдер шақырту алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.