"Қайрат" – "Реал Мадрид": Qazsport матч трансляциясы кезіндегі ақаудың себебін түсіндірді
Жарияланған күні:
Qazsport телеарнасы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчның трансляциясы кезінде туындаған ақауға байланысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Корпорацияның мәлімдемесі телеарнаның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"Құрметті көрермен!
"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының трансляциясы барысында техникалық ақаулар туындап, көрерменге ойынның онлайн көрсетілімін толық көрсету мүмкіндігі болмады. Корпорация матчқа дейін толықтай техникалық дайындық шараларын жүргізді.
Серверлердің қуаттылығы әдеттегіден үш есе көбейтіліп, бейне ағынын жеткізу қызметі оңтайландырылды. Алайда, матч басталған сәттен туындаған мәселені жедел шешуге тырысқанымызбен, интернет желісіндегі сыртқы қиындықтарға байланысты ақауларды толықтай ретке келтіру мүмкін болмады.
Қазіргі таңда мәселеге қатысты кешенді техникалық талдау жүргізілуде. Туындаған қолайсыздықтар үшін көрерменнен кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.
Айта кетелік, кеше көптеген қазақстандық жанкүйер әлеуметтік желілерде "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы кезіндегі онлайн-трансляцияның, сондай-ақ интернеттің сапасына шағымданған еді.
Олар Қазақстан үшін аса маңызды кездесуді дұрыс тамашалай алмаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292543-qazsport-qairat-real-madrid-matchnyng-transliatsiiasy-kezindegi-aqauga-qatysty-tusinik-berdi/