jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайрат" футбол клубтарының әлемдік рейтингіне енді

    "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчы
    "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчы. Фото: VYACHESLAV OSELEDKO/AFP via Getty Images

    Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемдегі ең үздік 500 клубтың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    IFFHS рейтингіне енген жалғыз қазақстандық клуб – алматылық "Қайрат". Рейтингте "Қайрат" 90,75 ұпай жинап, 240-орында тұр.

    Дегенмен алматылық клубтың рейтингте кейбір танымал клубтардан жоғары тұрғанын айта кетейік. Мысалы, франциялық "Ницца" 242-ші, испаниялық "Севилья" 252-ші, ал Англияның "Вест Хэм" клубы 253-орынды иеленген.

    Рейтингте көш бастап тұрған клубтарға келсек, бірінші орында Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы, екінші орында "Реал Мадрид" тұр. Ал үздік үшікті Лондонның "Челси" командасы түйіндеген.

    Рейтинг командалардың 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі көрсеткіштерін ескере отырып жасалған.

    Айта кетейік, кеше "Қайрат" сапына тағы бір шетелдік ойыншы қосылды. Яакко Оксаненмен келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.

    "Қайрат" футбол клубтарының әлемдік рейтингіне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.