Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Қазақстан футбол федерациясы әйелдер құрамалары бапкерлер штабында кадрлық өзгеріс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚФФ мәліметінше, Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері қызметіндегі жұмысын аяқтаған. Отандық маман бұл қызметке 2023 жылы келіп, бүгінге дейін оның дамуы мен құраманың жасақталуына үлесін қосқан.
Сондай-ақ Қазақстан WU-19 жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Жанна Мальгаждарова да қызметінен кеткен. Ол команданы 2025 жылғы мамырдан бері жаттықтырып келген.
Мамандармен жұмыс екі тараптың келісімі бойынша тоқтатылған.
"Қазақстан футбол федерациясы Мадияр Кембілов пен Жанна Мальгаждароваға атқарған еңбегі мен әйелдер футболының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтады. Екі маман да ҚФФ құрылымында жұмысын жалғастырып, елдегі әйелдер футболын жүйелі дамытуға бағытталған алдағы жобаларға қатысады.
Жақын уақытта ҚФФ-ның техникалық даму комитеті бос бапкерлік қызметтерге үміткерлерді тыңдап, талқылау қорытындысы бойынша ҚФФ Атқарушы комитетіне ұсыныс жасайды", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2330490-futboldan-qazaqstan-aielder-quramasynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/