Аргентиналық жартылай қорғаушы "Қайрат" ойыншысы атанды
Опубликовано:
"Қайрат" футбол клубы 24 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальоспен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, келісім 2027 жылдың соңына дейін жарамды.
Хуан Себастьян Себальос Буэнос-Айрес провинциясына қарасты Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген.
Кәсіби мансабын "Лос Андес" клубында бастап, кейін "Индепендьенте Ривадавия" және "Тальерес" клубының екінші командасында өнер көрсеткен.
Өз елінде ойнағаннан кейін Себальос Боливияға ауысып, жоғары дивизионда өнер көрсететін "Реал Оруро" клубының намысын қорғаған.
Өткен маусымда ол командасының көшбасшыларының бірі болып, 40 матч өткізіп, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2332491-argentinalyq-zhartylai-qorgaushy-qairat-oiynshysy-atandy/