Англия чемпионы Виктор Мозес ресми түрде "Қайсар" футбол клубының ойыншысы атанды
Жарияланған күні:
Атақты нигериялық футболшы Виктор Мозес қызылордалық "Қайсар" футбол клубының қатарына қосылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ клубтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Қайсар" футбол клубы тәжірибелі жартылай қорғаушы Виктор Мозеспен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жария етті. Нигерия құрамасының бұрынғы ойыншысы жаңа маусымда қызылордалық клубтың намысын қорғайды.
"Виктор Мозес Еуропаның бірқатар алпауыт клубтарында өнер көрсетіп, жоғары деңгейдегі тәжірибесімен танылған футболшы. Оның "Қайсар" сапына қосылуы — команданың алдағы маусымдағы мақсаттарының айқын дәлелі.
Клуб басшылығы мен бапкерлік штаб Виктордың тәжірибесі мен шеберлігі команданың дамуына және жас ойыншылардың өсуіне оң әсер етеді деп сенеді", - дейді клуб өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2335338-angliia-chempiony-viktor-mozes-resmi-turde-qaisar-futbol-klubynyng-oiynshysy-atandy/