jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайрат" Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

    Темірлан Анарбеков
    Темірлан Анарбеков. Фото: Nicolò Campo/LightRocket via Getty Images

    Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков "Қайратпен" келісімшартты ұзартты. Бұл туралы алматылық клубқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы футболшы "Қайратпен" 2028 жылғы 30 қарашаға дейін келісімшартқа отырған.

    Темірлан Анарбеков – Атыраудың тумасы, жергілікті және "Қайрат" академиясының түлегі.

    Өткен маусымда Анарбеков Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік қақпашысы атанды. Былтыр ол "Қайраттың" негізгі қақпашысы болып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бірнеше матчта өнер көрсетті.

    Сондай-ақ ұлттық құрама сапында дебют жасап, екі ойын өткізді.

    Анарбековтың трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланып отыр, бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қақпашы Шерхан Құлмұрза да "Қайратпен келісімшартты ұзартқан еді.

    "Қайрат" Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.