jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жеке басқаруға өткен "Ордабасы" ФК-ға жаңа президент тағайындалды

    Дархан Қызайбаев
    Дархан Қызайбаев. Фото: "Ордабасы" ФК

    "Ордабасы" футбол клбуының жаңа президенті болып Дархан Қызайбаев тағайындалды, деп хабарлайды шымкенттік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Дархан Қызайбаевтың клуб президенті қызметіне тағайындалуы "Ордабасы" футбол клубының басқару жүйесін нығайтуға және ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған", - делінген хабарламада.

    Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген.

    2009-2014 жылдары АҚШ-та білім алып, Penn State University университетінде "Экономика және халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген.

    Мансап жолында коммерциялық және өндірістік салаларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік еткен.

    Сонымен қатар әр жылдары бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компанияның басқару органдарына мүше болған. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс атқарған.

    Сондай-ақ Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар жөніндегі вице-президенті, Азия бокс федерациясының қаржы және аудит комиссиясының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті болған.

    Айта кетелік, бұған дейін Шымкент әкімдігі "Ордабасы" футбол клубы жеке басқаруға өткенін мәлімдеген еді.

    Жеке басқаруға өткен "Ордабасы" ФК-ға жаңа президент тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.