Қазақстан – Венгрия жолдастық матчы Түркістан қаласында өтпейтін болды
Жарияланған күні:
Маусымға жоспарланған Қазақстан – Венгрия жолдастық матчының өтетін орны өзгерді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан футбол федерациясы мен Венгрия футбол федерациясының келісімімен ұлттық құрамалар арасында маусымға жоспарланған жолдастық матч Түркістан қаласынан Дебрецен қаласына ауыстырылды.
Ойын 9 маусымда "Надьердеи" стадионында өтеді", - делінген ҚФФ-ның Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
ҚФФ-ның мәліметінше, осылайша маусымдағы халықаралық үзілісте Қазақстан құрамасы сырт алаңда екі матч өткізеді.
6 маусымда ұлттық құрама Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы және 9 маусымда Дебрецен қаласында Венгрия құрамасына қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚФФ ұлттық құрама Түркістанда Венгриямен жолдастық кездесу өткізетінін хабарлаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2357664-qazaqstan-vengriia-zholdastyq-matchy-turkistan-qalasynda-otpeitin-boldy/