jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында гол соқты

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: Instagram / fcpetrolul.official

    Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румынияның "Петролул" клубы сапында нәтижелі ойынын өткізді, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Плоешти қаласының командасы жолдастық кездесуде "Волунтаримен" кездесіп, 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Айымбетов матчты негізгі құрамда бастап, бірінші таймда қарсылас қақпасын дәл көздеді.

    Клубтың баспасөз қызметі бұл нәтиже туралы әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, үзіліске дейінгі басымдықты атап өтті.

    "Волунтаримен" өтіп жатқан жолдастық матчтың бірінші таймынан кейін екі доп айырмасымен алда келеміз. Гол авторлары — Серджиу Ханка мен Абат Айымбетов!", - деп жазды клуб өкілдері.

    Ойын қорытындысын бойынша "Петролул" қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

    Еске салсақ, Абат Айымбетов румыниялық клубқа 2026 жылдың ақпан айында ауысқан болатын. Содан бері ол Румыния чемпионатында дебют жасап үлгерді. Алайда ұлттық құраманың жиындарына шақырту алған жоқ.

    Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында гол соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.