jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Дастан Сәтпаев мемлекеттік жастар сыйлығын алды

    Аида Балаева мен Дастан Сәтпаев
    Аида Балаева мен Дастан Сәтпаев. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

    Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың "Спорт" номинациясы бойынша лауреаты атанды.

    Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын.

    "Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт — салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады. Жетістіктеріңіз жастарға үлгі болып, бұл марапат сізді жаңа белестерге жетелей берсін", - деді Аида Балаева.

    Дастан Сәтпаев мемлекеттік жастар сыйлығын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.