jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Месси испаниялық футбол клубын сатып алды

    Футболшы Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

    "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы, қазір америкалық "Интер Майами" клубында ойнайтын Лионель Месси каталониялық "Корнелья" футбол клубының иесі атанды, деп хабарлайды Championat сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Клубтың жаңа иесі туралы ақпаратты "Корнельяның" баспасөз қызметі ресми сайтында жариялаған.

    "Бұл қадам – Мессидің "Барселонамен" тығыз байланысын растайды және оның Каталониядағы спорт пен жергілікті таланттарды дамытуға деген ниетін білдіреді. Ол "Барселонада" ойнаған жылдары қалыптасқан берік байланыс бүгіне дейін жалғасып келеді", - делінген клуб мәлімдемесінде.

    Басылымның мәліметінше, "Корнелья" клубы 1951 жылы құрылған және Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсетеді.

    Команда 1500 көрерменге арналған "Ноу Камп Муниципаль" стадионында ойнайды.

    Месси испаниялық футбол клубын сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.