jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Иран футболдан әлем чемпионатына қатысады және матчтарын АҚШ-та өткізеді

    Иран өкілдері футболдан ӘЧ қатысушыларын таныстыру рәсімі кезінде
    Иран өкілдері футболдан ӘЧ қатысушыларын таныстыру рәсімі кезінде. Иллюстрациялық фото: Roberto SCHMIDT / AFP via Getty Images

    ФИФА президенті Джанни Инфантино Иран ұлттық құрамасы футболдан АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Чемпионат" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Иран 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысады және матчтарын АҚШ-та өткізеді. Себебі өте қарапайым: біз бірігуіміз керек және адамдармен байланысымызды үзбеуіміз қажет. ФИФА әлемді біріктіреді. Әрқашан жақсы көңіл күйді ойлауымыз керек", - деді ұйымның конгресінде Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино.

    Басылымның жазуынша, әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Иран ұлттық құрамасы Лос-Анджелесте екі матч, Сиэтлде тағы бір матч өткізеді.

    Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Әлем біріншіліген 48 команда қатысады. Бұл – рекордтық көрсеткіш, яғни 1998 жылдан бергі алдыңғы жеті турнирге қарағанда 16 командаға көп.

    Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп Иран құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуын орынсыз деп атаған еді.

    "Иранның футболдан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына қатыса алады, бірақ мен олардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін, қатысуын орынсыз деп санаймын", - деген болатын Ақ үй басшысы.

    Ал Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Иранның әлем чемпионатындағы матчтарын Мексика жерінде өткізуге рұқсат берген еді, алайда саясаткер бұны ФИФА-ның мақұлдауы қажет екенін атап өтті.

    Иран футболдан әлем чемпионатына қатысады және матчтарын АҚШ-та өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.