Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы ойындарын қашан өткізетіні белгілі болды
Жарияланған күні:
Футболшы Дастан Сәтпаев лондондық "Челсиге" ауысар алдында "Қайрат" сапындағы соңғы матчтарын қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды алматылық клубқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Клубтың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы матчтарын "Атырау" және "Қызылжар" командаларына қарсы өткізеді.
"Біздің түлегіміз үшін бұл кездесулер лондондық "Челсиге" ауысар алдындағы "Қайрат" құрамындағы соңғы ойындар болмақ", - делінген хабарламада.
Бүгінде қазақ футболының жарық жұлдыздарының бірі Дастан Сәтпаев осыдан 10 жыл бұрын "Қайрат" академиясына қабылданған.
"Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, "Қайрат" - Атырау" матчы 13 маусымда, "Қайрат" - "Қызылжар" арасындағы ойын 17 маусымда Алматының Орталық стадионында өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2384949-dastan-satpaev-qairat-sapyndagy-songgy-oiyndaryn-qashan-otkizetini-belgili-boldy/