jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мексика ұлттық құрамасы футболдан әлем біріншілігін жеңіспен бастады

    Футболшы Рауль Хименес
    Рауль Хименес. Фото: Carl Recine/Getty Images

    Мексика ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчында Оңтүстік Африка командасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    А тобындағы алғашқы кездесу Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

    Гол соққандар: шабуылшылар Хулиан Киньонес (9-минутта) және Рауль Хименес (67-минутта). Нәтижелі пас бергендер: жартылай қорғаушы Эрик Лира, шабуылшы Роберто Альварадо.

    Ал Оңтүстік Африка құрамасы матчты 10 адаммен аяқтады. Жартылай қорғаушылар Яя Ситхоле (49) мен Тхемба Зване (84) қызыл қағаз алды.

    Қосымша уақытта (90+2) Мексика құрамасының қорғаушысы әрі команда капитаны Сесар Монтес та алаңнан қуылды.

    Дегенмен турнирдің ашылу матчында жеңіске жеткен Мексика үш ұпай жинады. Оңтүстік Африкада ұпай жоқ. Сондай-ақ А тобында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары бар.

    2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне алғаш рет 48 команда қатысып отыр.

    Мексика ұлттық құрамасы футболдан әлем біріншілігін жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.