Футболдан ӘЧ-2026: автогол Бельгияны жеңілістен құтқарды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үш елде өтіп жатқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы кездесуде Бельгия мен Мысыр құрамалары жеңімпазды анықтай алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
G тобындағы алғашқы ойын АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы "Люмен Филд" стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.
Мысырлықтар шабуылшы Мохамед Салахтың пасынан кейін айып алаңының сыртынан дәл соққы бағыттаған жартылай қорғаушы Эмам Ашурдың (19-минутта) голының арқасында алға шықты.
Ал бельгиялықтар матчтың 66-минутында қорғаушы Мохамед Хани допты өз қақпасына соғып алғаннан кейін (автогол) есепті теңестірді.
Тең ойынның арқасында екі команда да бір-бір ұпайдан жинады. G тобында бұл командалардан бөлек, Жаңа Зеландия мен Иран бар.
Айта кетейік, плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.
Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.
- Футболдан ӘЧ-2026: Сауд Арабиясы мен Уругвай тең тарқасты
- Иран құрамасы алаңға шығады: футболдан 16 маусымдағы ӘЧ кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2388897-futboldan-ach-2026-avtogol-belgiiany-zhengilisten-qutqardy/