jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Месси Алжир қақпасына үш гол салып, Аргентинаға жеңіс сыйлады

    Аргентинский футболист Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: JUAN MABROMATA / AFP via Getty Images

    Футболдан Аргентина құрамасы АҚШ, Канада және Мексика қабылдап жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    J тобының бірінші турында қазіргі әлем чемпиондары Алжир құрамасымен кездесті. Матч АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы "Эрроухед" стадионында өтті.

    Аргентиналықтар шабуылшы және команда капитаны Лионель Мессидің (17, 60 және 76-минуттарда) хет-тригінің арқасында қарсыластарын 3-0 есебімен ойсыраты ұтты. Жартылай қорғаушылар Родриго Де Пауль мен Николас Гонсалес бір-бір нәтижелі пас беріп көзге түсті.

    Месси – футбол тарихында алты әлем чемпионатына қатысқан алғашқы ойыншы. Ол турнирдегі дебюттік хет-тригін жасап, Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозенің әлем чемпионатындағы голдар саны бойынша рекордына (16) теңесті.

    Бұл жеңіс Аргентинаға үш ұпай әкеліп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

    Месси Алжир қақпасына үш гол салып, Аргентинаға жеңіс сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.