jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Әлем чемпионатында Роналду бастаған Португалиямен ойнаған Конго командасы сенсация жасады

    Португальский футболист Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Molly Darlington/Getty Images

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында K тобында сынға түсіп жатқан Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары кездесуінің нәтижесі белгілі болды. Қос команданың есебі тең түсті, деп хабарлайды kazinform.

    Жанкүйерлер бұл кездесуде португалиялық құрама жеңіске жетеді деп болжаған еді.

    Криштиану Роналду бастаған жігіттер африкалық команда оп-оңай тізе бүктіреді деген ойда болғаны жасырын емес. Соған қарамастан ойын тарысты жағдайда өтті.

    Кездесу барысында алғашқы минуттан Португалия құрамасы белсенділік танытқан еді.

    Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Осындай сәттердің бірінде олардың қатарынан Жоау Невеш 6-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

    Келесі кезекте конголық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 45-минутта Йоан Висса өз құрамасының доп додасындағы алғашқы голын соқты.

    Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

    Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде — АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир матчтары 11 маусым мен 19 шілде аралығында 16 қалада ұйымдастырылады.

    Сондай-ақ бұл FIFA тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионаты болмақ. Өйткені алғаш рет топтық кезеңде 48 ұлттық құрама бақ сынайды.

    Әлем чемпионатында Роналду бастаған Португалиямен ойнаған Конго командасы сенсация жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.