Футболдан ӘЧ-2026: Өзбекстан құрмасы дебюттік матчында Колумбияға есе жіберді
Жарияланған күні:
Тарихта алғаш рет футболдан әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Өзбекстан ұлттық құрамасы дебюттік матчында Колумбияны жеңе алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мехиконың "Ацтека" стадионында өткен K тобындағы кездесу 3:1 есебімен колумбиялықтардың пайдасына шешілді.
Колумбия сапында гол соққандар: қорғаушы Даниель Муньос (40-минутта), шабуылшы Луис Диас (65-минутта) және жартылай қорғаушы Хаминтон Кампас (90+9 минутта).
Өзбекстан сапында ойынның 60 минутында жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаев көзге түсті. Ол шабуылшы әрі команда капитаны Элдор Шомуродовтың соққысынан кейін жақын қашықтықтан гол соқты.
Бұл жеңістен кейін Колумбияға үш ұпай жинап, топта көш бастады. Өзара кездесуі 1-1 есебімен тең аяқталған Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамаларында бір-бір ұпайдан бар. Ұпайы жоқ Өзбекстан турнир кестесін түйіндеді.
Италиялық маман Фабио Каннаваро жаттықтыратын Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусымда Португалияға қарсы өткізеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.
Passion from the Uzbekistan fans during their national anthem pic.twitter.com/RAnCVLcBYh
— FIFA (@FIFAcom) June 18, 2026
Айта кетейік, плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.
Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.
Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасындағы матч 2026 жылғы әлем чемпионатының бірінші турындағы соңғы ойын болды. Қазақстан уақытымен 18 маусымда кешке екінші турдың кездесулері басталады.
- ӘЧ-2026: Харри Кейннің екі голы Англия - Хорватия кездесуінің тағдырын шешті
- Өзбекстан құрамасының дебюті: футболдан 18 маусымдағы ӘЧ кестесі
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2389948-futboldan-ach-2026-ozbekstan-debiuttik-matchynda-kolumbiiany-zhenge-almady/