jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Германия Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2014 жылдан бері алғаш рет ӘЧ-тің плей-офф кезеңіне шықты

    Футболдан Германия құрамасы
    Футболдан Германия құрамасы. Фото: Megan Briggs/Getty Images

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатындағы кезекті ойында Германия құрамасы Кот-д'Ивуар командасын жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    E тобындағы екінші тур ойыны Канаданың Торонто қаласындағы "Бимо Филд" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.

    Ивуарлықтар жартылай қорғаушы Франк Кессье (30-минутта) соққан голдың арқасында бірінші болып есеп ашты.

    Немістер екі голды да үзілістен кейін соқты. Жартылай қорғаушылар Надим Амири мен Феликс Нмечаның пасынан кейін шабуылшы Дениз Ундав (68, 90+4 минуттарда) дубль авторы атанды.

    Осылайша, қатарынан екінші рет жеңіске жеткен Германия құрамасы мүмкін болған 6 ұпайды түгел жинап, 2014 жылдан бері алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Төрт дүркін әлем чемпиондары бұған дейінгі екі әлем біріншілігінде де топтық кезеңнен аса алмай, жарыс жолынан шығып қалған еді.

    Ал кот-д'ивуарлықтар үш ұпаймен екінші орында тұр.

    Айта кетейік, плей-офф кезеңіне 12 топтың әрқайсысынан екі мықты команда өтеді.

    Сондай-ақ өз топтарында үшінші орын алған құрамалардың ішінен ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз команда 1/16 финалға жолдама алады.

    Германия Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2014 жылдан бері алғаш рет ӘЧ-тің плей-офф кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.