jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалда Португалия мен Испания құрамалары кездесетін болды

    Футболдан Испания құрамасы
    Футболдан Испания құрамасы. Фото: Selección Española Masculina de Fútbol

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалы аясында өткен кездесуде Испания құрамасы Австрияны ірі есеппен жеңсе, Португалия құрамасы соңғы сәтте Хорватиядан жеңісті жұлып алды. Енді екі команда 1/8 финалда кездеседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Испания мен Австрия арасындағы матч АҚШ-тың Инглвуд қаласындағы "Соу-Фай" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

    Кездесуде соғылған үш голдың екеуін ойынның 36 және 89-минуттарында шабуылшы Микель Оярсабал салса, тағы бір голды 66-минутта қорғаушы Педро Порро соқты.

    Осылайша, Испания құрамасы 2010 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде жеңіске жетті.

    Ал Португалия мен Хорватия арасындағы матч Канаданың Торонто қаласындағы "Бимо Филд" стадионында өтіп, 2:1 есебі тіркелді.

    Кездесуде алғаш болып 53-минутта хорватиялықтар есеп ашты. Гол авторы – жартылай қорғаушы Иван Перишич.

    Ойынның 68-минутында португалиялық шабуылшы әрі команда капитаны Криштиану Роналду пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді.

    90+4 минутта португалиялық шабуылшы Гонсало Рамуш тағы бір гол салып, матчтың тағдырын шешті.

    Айта кетейік, екінші таймға қосылған 13-минутта хорватиялықтар есепті теңестірген еді, бірақ VAR жүйесінің көмегімен офсайд екені анықталды. Осылайша, қорғаушы Йошко Гвардиолдың соққан голы есепке алынбады.

    1/8 финалда Португалия мен Испания өзара мықтыны анықтайды. Бұл матч Қазақстан уақыты бойынша 6 шілдеден 7 шілдеге қараған түні өтеді.

    Футболдан ӘЧ-2026: 1/8 финалда Португалия мен Испания құрамалары кездесетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.