"Қайраттың" еурокубоктегі матчтары эксклюзивті түрде тек Freedom SuperApp қосымшасында көрсетіледі
Жарияланған күні:
Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Кино мен ТВ онлайн-кинотеатры "Қайрат" футбол клубының УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарын көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.
Жаңа еурокубок маусымының шымылдығын 1-ші іріктеу кезеңіндегі Черногорияның "Сутьеска" клубына қарсы кездесу ашады. Матч 8 шілде күні сағат 20:00-де Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
"Сутьескамен" өтетін матч "Қайраттың" еурокубоктегі жаңа сапарының бастауы болмақ. Чемпиондар лигасының өткен маусымында клуб өз тарихында тұңғыш рет турнирдің ортақ кезеңіне жолдама алған еді. Бұл — қазақстандық футбол үшін тарихи нәтиже: ортақ кезеңде команда "Реал Мадрид", "Интер" және "Арсенал" сияқты алпауыттармен күш сынасты. Енді алматылық ұжымда осы жетістікті қайталау немесе бұдан да жоғары нәтиже көрсету мүмкіндігі бар.
"Қайрат" — "Сутьеска" матчының тікелей трансляциясы 8 шілде күні сағат 19:50-де, ойынның басталуына 10 минут қалғанда Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Кино мен ТВ бөлімінде басталады. Сондай-ақ "Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының 1-ші және 2-ші іріктеу кезеңіндегі барлық кездесулері эксклюзивті түрде қолжетімді.
Жазылымды екі тәсілмен қосуға болады:
- Мобильді құрылғы арқылы: https://freedombank.onelink.me/WNLd/9xwtes4p сілтемесіне өтіңіз;
- Smart TV арқылы. Қосымшада тіркелгеннен кейін сервис теледидарда да қолжетімді болады. Осылайша матчтарды үлкен экраннан тамашалай аласыз.
Клубтың мәлімдемесі
"Freedom Кино мен ТВ — бүгінде Қазақстандағы спорттық контент нарығындағы теңдессіз көшбасшы. Бір ғана жазылым арқылы еурокубоктерді, теннис, хоккей, жекпе-жек және отандық спорттың басты ойындарын еш қиындықсыз көруге болады".
"Спорт индустриясының ең үздік өкілдері — "Қайрат" ФК, Freedom Кино мен ТВ және Qazsport-тың серіктестігі клуб жанкүйерлеріне тартысты матчтарды барынша қолайлы жағдайда тамашалауға жол ашады. Сондай-ақ, бұл қадам Қазақстандағы заманауи цифрлық спорттық хабар тарату нарығын қалыптастыруда шешуші рөл атқармақ».
Freedom Кино мен ТВ — Freedom SuperApp экожүйесінің ажырамас бөлігі саналатын онлайн-көрсетілімдер мен медиаконтент платформасы. "Қайраттың" еурокубоктегі бәсекелерін эксклюзивті түрде көрсету құқығын иелену арқылы сервис өзінің спорттық жобалар аясын кеңейтіп отыр. Енді жанкүйерлер сүйікті клубының халықаралық деңгейдегі әрбір ойынын заманауи әрі қолайлы форматта тамашалай алады.
*PR құқығында
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2396008-qairattyng-eurokuboktegi-matchtary-ekskliuzivti-turde-tek-freedom-superapp-qosymshasynda-korsetiledi/