jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан ӘЧ-2026: Англия Мексиканы жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өтті

    Харри Кейн және Джуд Беллингем (солдан оңға қарай)
    Харри Кейн және Джуд Беллингем (солдан оңға қарай). Фото: England football team

    Футболдан Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Матч Мехико қаласындағы "Ацтека" стадионында өтіп, 3:2 есебімен ағылшындар жеңіске жетті.

    Кездесудегі алғашқы голды ойынның 36-минутында жартылай қорғаушы Джуд Беллингем соқты. Ал 38-минутта ол есепті еселеп, дубль авторы атанды.

    Үзіліске дейін мексикалықтар сапында шабуылшы Хулиан Киньонес (42-минутта) бір гол соғып, есеп айырмашылығын қысқартты.

    Екінші таймда қорғаушы Джаррелл Куанса (54-минутта) қызыл қағаз алып, алаңнан қуылуына байланысты Англия құрамасы он адаммен ойынды жалғастырды.

    Көп ұзамай әйгілі англиялық шабуылшы Харри Кейн (60-минутта) пенальтиді сәтті орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

    Дегенмен кейін Кейннің өзі өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Мексикалық шабуылшы Рауль Хименес (69-минутта) 11 метрлік айып соққысын дәл орындап, кездесудің нүктесін қойды.

    Англия құрамасы енді 1/4 финалда Норвегиямен кездеседі. Бұл матч 12 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 02:00-де басталады.

    Футболдан ӘЧ-2026: Англия Мексиканы жарыс жолынан шығарып, ширек финалға өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.