jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ешкім өшіре алмайтын тарих": Месси финал алдында Аргентина құрамасына үндеу жасады

    Аргентинский футболист Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: Selección Argentina de fútbol

    Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы қарсаңында командаластарына үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Месси өз үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол құраманың суретін бөлісіп, команданың жетістіктеріне үлес қосып жүрген барша жанға алғысын айтты.

    "Осы жылдар ішіндегі ең кереметі – жеңіп алған титулдарымыз ғана емес, біз бірге жүріп өткен жол. Күн сайын команданың бір бөлігі болу, иық тіресе күресу, қиындықтарды еңсеру және әр сәттен ләззат алу.

    Барлық әріптесіме, бапкерлер штабына және осы құраманың нағыз отбасы болып қалуы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген әрбір жанға алғыс айтамын.

    Ертең не болса да, бұл команда біз ешқашан ұмытпайтын және ешкім өшіре алмайтын тарихты жазып қойды. Алға, Аргентина!" - деп жазды футболшы.

    Айта кетейік, Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты. Олар чемпиондық атағын Испанияға қарсы матчта қорғайды.

    Кездесу Ист-Ратерфордтағы "Метлайф" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні сағат 00:00-де басталады.

    "Ешкім өшіре алмайтын тарих": Месси финал алдында Аргентина құрамасына үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.